Қоғам

"7500 теңге таратамыз": Роза Рымбаеваның ұлы желіде тараған ақпарат туралы жазды  

© Sputnik / Владислав Воднев Певец Али Окапов
 Певец Али Окапов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халық әртісінің ұлы Әли Оқапов алаяқтар тағы да анасының атын пайдаланып, халықты алдап жатқанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева халыққа 7500 теңгеден таратады деген ақпарат пайда болды. Әншінің ұлы Әли Оқапов roza_rymbaeva_komek жалған парақша екенін айтып, жұртты алданып қалмауға шақырды.

Алаяқтар Instagram желісінде әнші Роза Рымбаеваның атынан жалған парақша ашып, "Жұлдызды отбасынан көмек" челленджі басталды деп мәлімет таратқан.

Оқи отырыңыз: "Пәтер беріледі" - хат алған қазақстандықтар не істеуі керек 

Онда Рымбаевтар отбасы өтінім жіберген алғашқы 900 қазақстандыққа 7500 теңгеден тарататыны айтылған. Ақша он сағат ішінде түседі-міс.

Халық әртісінің ұлы әнші Әли Оқапов мұның жалған ақпарат екенін мәлімдеді.

"Фейк! Алданбаңыздар! Өтірік!", - деп жазды өнер жұлдызы желіде.

Айтуынша, алаяқтар кезекті рет анасының атын пайдаланып, жұртты алдап жатыр.

Әнші желі қолданушыларынан @roza_rymbaeva_komek @roza_rymbaeva_darit_10milion аккаунттарына шағымдануды өтінді.

Жаңалықтар
0