НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше мен көпір жабылады.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, бірнеше көшеде жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр:
- 26 шілде мен 1 тамыз аралығында Амман көшесі бойымен Шарль де Голль көшесінен Ж.Тәшенов көшесіне дейінгі учаскеде, Шарль де Голль көшесі бойымен Амман көшесінен А. Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде;
- 26-30 шілде аралығында Рақымжан Дүйсенбаев көшесі бойымен Аспара көшесінен Герценге дейін;
- 26-31 шілде аралығында Шарль де Голль көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскедегі М2 (Амман көшесі-Мәңгілік Ел даңғылы) көпірінің құрылысы бойынша жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Осыған байланысты көлік жүргізушілері жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.