Қоғам

Президентті алаңдатқан Көбейтұз көлінде не болып жатыр – видео

© Sputnik / Владислав ВодневБлокпост на озере Кобейтуз
Блокпост на озере Кобейтуз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда іргесіндегі Көбейтұз көліне мобильді бекет қойылды, енді демалушылар көл жағалауына өте алмайды

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан іргесінде орналасқан Көбейтұз көлі маңына мобильді бекеттер қойылды. Енді полиция демалушыларды көл маңына өткізбейді. Елорда маңындағы көлдер карантин аяқталғанға дейін күзетіледі, деп хабарлады Polisia.kz порталы.  

Ақмола облысының Ерейментау ауданының әкімдігі Көбейтұз, Теңіз, Құрбет және Қоржынкөл көліне адамдардың келуіне тыйым салу туралы шешім қабылдады. Жақында әлеуметтік желіде көлге келушілердің табиғи аймаққа залал келтіргені жайлы фото мен видео тарады.

Демалушылар көл жағасын қоқысқа толтырып, кейбірі көлдің тұзын қап-қабымен әкетіп, коронавирустан қорғайтын "дәрі" деп сатуға кірісті. Одан бөлек Нұр-Сұлтан тұрғыны көлігімен Көбейтұзға кіріп кеткен болатын.

"Ақмола облысы полиция департаменті басшылығының тапсырмасымен Көбейтұз көліне баратын екі автожолда тыйым салынған аумаққа кіруді және шығуды бақылайтын үш мобильді бекет қойылды", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар полиция экипажы көл жағалауын қосымша күзетеді.

Карантин шараларына барлығы 15 полиция қызметкері, СЭС пен аудан әкімдігінің өкілдері жұмылдырылды. Сондай-ақ, ауданның жергілікті атқарушы органдары жасанды бөгеттер орнату бойынша жұмыстар жүргізді. Бір демалыс күнінің өзінде полиция 34 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Адамдар 18 рет қоғамдық тәртіпті бұзып,16 жағдайда жол қозғалысына қауіп төндірген.

Оқи отырыңыз: Үкімет Көбейтұзға қатысты шешім шығарды 

Айта кетейік, жақында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аймақ мәртебесі берілетінін хабарлады.

Оған дейін перзидент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы мәдениетсіздігін сынға алып, халықтың   Көбейтұз көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды екенін жеткізді. Президент табиғатты ластағаны үшін айыппұл көлемін арттыруды тапсырды.

Жаңалықтар
0