Әлем

Ғалымдар коронавирус жұқтырғанда кімдер 12 есе жиі көз жұматынын айтты

© REUTERS / THOMAS PETERМедик расставляет пробирки с анализами на коронавирус
Медик расставляет пробирки с анализами на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер қант диабеті коронавирус инфекцияның ауыр ағымына әкелетін факторлардың арасында екінші орында екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. АҚШ-тағы Калифорния университетінің ғалымдары коронавирус жұқтырған адамдардағы қант диабеті өлім қаупін 12 есеге арттыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Известия" басылымы.

Сарапшылардың айтуынша, қант диабеті бар адамдар коронавирус жұқтырса өзгелерге қарағанда жиі ауруханаға жатуды қажет етеді. Өйткені, олардың дерті ауыр болғандықтан өлім қаупін 12 есеге арттырады.

Калифорния университетінің профессоры Пракаш Дидванья қант диабеті иммундық жүйені әлсірететінін еске салып, қан құрамындағы қант деңгейін үнемі тексеріп, дәрігерлерге жүгініп отыруға шақырады. Сондай-ақ, қант диабетімен ауыратындар белсенді әрекет етіп, үнемі ұйқысы қанық болып жүруі тиіс.

Оқи отырыңыз: Ғалым коронавирустан айыққан адам қандай қиындыққа тап болатынын айтып берді

Сонымен қатар, дәрігерлер қант диабеті коронавирустық инфекцияның ауыр ағымына әкелетін факторлардың арасында екінші орында екенін айтады. Қауіптілігі жоғары дерттің алдыңғы санатына жүрек-тамыр аурулары жатқызылған.

Жаңалықтар
0