Экономика

Теңгенің 28 шілдедегі ресми бағамы белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, доллары
Деньги, тенге, доллары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық валюта біршама әлсіреп отыр. Ұлттық банк теңге бағамына қандай факторлар әсер еткенін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде — Sputnik. Ұлттық банк 28 шілдедегі теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамын жариялады - 414,2 теңге.

Ресми бағаммен салыстырғанда ұлттық валюта 0,11 теңгеге әлсіреп отыр.

Сыртқы валюта нарығында 17-24 шілде аралығында бірқатар маңызды оқиға болғаны айтылды.

"Ұлыбританияда фармацевтикалық компания әзірлеп жатқан вакцина сыналып, нәтижесі жақсы болды. ЕО елдерінің басшылары 750 миллиард еуро болатын дағдарысқа қарсы қор құру жөнінде келісті", - деді ұлттық банкте.

Хьюстон мен Сычуань қалаларында елшіліктердің жабылуы АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынастың шиеленіскенін көрсетеді. Бұл инвесторлардың алаңдаушылығын тудырып отыр.

Ресейлік рубль долларға шаққанда 0,3%-ке нығайды. Бұған мұнай бағасының қымбаттауы мен корорнавирусқа қарсы вакцина сынағы оң нәтиже бергені туралы хабар әсер еткен.

Жаңалықтар
0