Өңірлер

Қарағанды облысында болған оқиғаның мән-жайы белгілі болды

© Sputnik / Табылды КадырбековКулак, иллюстративное фото
Кулак, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Клиент карантин талабын бұзғаны үшін кәсіпкерлер ірі көлемдегі айыппұл төлейді. "Атамекен" ҰКП жауапсыз тұрғындар үшін бизнеске айыппұл төлетпеуді сұрап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде — Sputnik. Қарағанды облысында ер адам маска тағуды сұраған кәсіпкерге жұдырық ала жүгірді. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында "Атамекен" ҰКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау департаментінің директоры Шыңғыс Темір хабарлады.

"Азық-түлік дүкенінде бейнебақылау камералары орнатылған. Ер адам бетперде тағу керек екенін айтқан сатушыға қол көтеріп, ғимараттан шығып кетті. Сатушы оның соңынан шықты", - деді департамент директоры.

Ақпаратқа сәйкес, төбелес далада жалғасқан. Оқиғадан соң сатушы медициналық көмек пен құқық қорғау органдарына жүгінген.

"Маған ер адам ұсталғанын хабарлады. Іс қозғалды, қосымша ақпаратты бөлісетін боламын", - деді Шыңғыс Темір.

Оның айтуынша, "Атамекен" денсаулық сақтау министрлігі және санитарлық дәрігерлермен санитарлық нормаларды сақтамаған тұтынушы үшін кәсіпкер емес, тұтынушының өзі айыппұл төлеуі керек екенін қарастырған. Санитарлық дәрігерлер де мұнымен келісіп отыр.

Карантинді бұзғандар төлейтін айыппұл

Жеке тұлғалар төлейтін айыппұл – 30 АЕК немесе 83 340 теңге. Айыппұлді бір апта ішінде төлегендерге 50% жеңілдік қарастырылған - 41 680 теңге.

Лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға - 230 АЕК (638 940 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілері - 310 АЕК (861 180 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілері -  1 600 АЕК (7,5 миллион теңге).

Жаңалықтар
0