Өңірлер

Министрлік коронавирусқа қатысты елдегі жағдай туралы ақпарат жариялады

© Sputnik / Татьяна Макеева / Медиабанкке өтуПациент, подключённый к аппарату ИВЛ, в стационаре для больных с коронавирусной инфекцией, архивное фото
Пациент, подключённый к аппарату ИВЛ, в стационаре для больных с коронавирусной инфекцией, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирустан жазылып шыққандар саны 60%-ке артып отыр. COVID-19 жұқтыру көрсеткіші кезең-кезеңмен төмендеп келе жатқаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде — Sputnik. Қазақстанда тәулік сайын COVID-19 жұқтыру көрсеткіші 4%-тен 2,1%-ке төмендеді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты қолданылған шаралардың арқасында елде тәулік сайын COVID-19 жұқтыру көрсеткіші 4%-тен 2,1%-ке төмендеді", - делінген хабарламада.

Коронавирустан жазылып шыққандар саны 60%-ке артып отыр.

"COVID-19 жұқтыру көрсеткіші кезең-кезеңмен төмендеп келеді", - деді министрлік.

Реанимациялық орынды қажет ететін пациенттер саны 73%-тен 54%-ке төмендеді.  Провизорлық орындарда да 49 проценттен 40 процентке азайды.

Бұған қарамастан, қазіргі уақытта мемлекет басшысының тапсырмасымен COVID-19 және пневмонияға шалдыққан пациенттерге арналған жалпы орын саны 21,7 мыңға артты. 30,4 мыңнан 52,1 мыңға жетіп отыр. 

"Көрсеткіштер динамика тұрақтанғанын көрсетеді. Дәрігерлер біртіндеп әдеттегі жұмыс режиміне көшіп жатыр", – деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Жаңалықтар
0