Қоғам

"Қазпоштаға" жаңа басшы тағайындалды

© АО "НК "Қазақстан темір жолы"Президент АО "НК "Қазақстан темір жолы" Канат Алпысбаев
Президент АО НК Қазақстан темір жолы Канат Алпысбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазпошта" АҚ-ның бұрынғы төрағасы Сәкен Сәрсенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Қанат Алпысбаев "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға "Самұрық-Қазына" қоры хабарлады.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқармасының шешімімен Алпысбаев Қанат Қалиұлы "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қанат Алпысбаев "Самұрық-Қазына" қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры болған, 2008 жылдан 2018 жылға дейін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді

Бұған дейін "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болған Сәкен Сәрсенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Жаңалықтар
0