Қоғам

Қазақстан санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басшыларының отырысын өткізбек

© Photo : пресс-служба президента РКФлаги стран-участниц ШОС
Флаги стран-участниц ШОС - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан ШЫҰ аясында бірнеше бағыт бойынша, атап айтқанда, эпидемиологиялық қауіпсіздік, дәрі-дәрмек сапасы саласындағы ынтымақтастықты күшейтуді ұсынып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің өкілдері мен бақылаушыларды Нұр-Сұлтан қаласына санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық қызметтері басшыларының отырысына шақырды, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.  

"ШЫҰ-ның 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес біз санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық қызметі басшыларының отырысын 2020 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізуге дайынбыз, оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдерін, ШЫҰ жанындағы бақылаушыларды шақырамыз", - деді Цой бейнеконференция форматында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің үшінші отырысында.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 80 мыңнан асып кетті 

Министр Қазақстан ұйым аясында бірнеше бағыт бойынша өзара әрекеттестікті нығайтуды ұсынып отырғанын атап өтті. Олардың ішінде эпидемиологиялық қауіпсіздікті, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық, ШЫҰ кеңістігінде індет қаупіне бірлесіп қарсы тұру туралы мәлімдемені жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын тезірек қабылдау жұмыстары бар.  

Сонымен қатар, ол электронды денсаулық сақтаудың цифрлы технологияларын кеңінен қолдану, медициналық туризм нарығын дамыту, медицина саласындағы білім беру кеңістігін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

"Денсаулық сақтау министрлерінің қорытынды мәлімдемесінің ережелерін орындауға ниет білдіремін және біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижелері пандемияны оқшаулауға және жеңуге көмектеседі және денсаулық сақтау проблемаларын шешуге айтарлықтай үлес қосады деп үміттенемін", - деп толықтырды Цой.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 жаңа коронавирус инфекциясының таралуын пандемия деп жариялады. ДДҰ-ның соңғы мәліметі бойынша, әлемде 15 миллионнан астам адам инфекцияны жұқтырды, 620 мыңнан астам адам қайтыс болды.   

Қазақстанда 25 шілде күні таңертең коронавируспен ауырған 80 226 науқас тіркелді.  

Жаңалықтар
0