Өңірлер

Қандай жағдайда далада маска тақпауға болады?

© Sputnik / Абзал КалиевПустынные улицы Нур-Султана во время карантина
Пустынные улицы Нур-Султана во время карантина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, масканы барлық жерде – егер екі немесе одан да көп адам бірге жүрсе, көшеде де кию керек 

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Ақтөбеде маска тағу нормаларына қатысты қызу пікірталас басталды. Жергілікті тұрғындарға бұдан былай көшеде бетпердемен жүру талап етілетіні ескертілмеген болып шықты. Осыған байланысты "Диапазон" газеті Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаевадан жаңа қаулыны түсіндіріп беруді сұрады.   

Маман Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың 26 ​​маусымдағы қаулысына сәйкес, масканы барлық жерде – егер екі немесе одан да көп адам бірге жүрсе, көшеде де кию керек екенін еске салды.  

"Әрине, қазір түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға тәртіпті сақтамаса әкімшілік айыппұл салынатынын ескертемін. Ең алдымен бұл сіздің және жақындарыңыздың денсаулығы үшін қажет. Масканы көшеде кию керек. Егер адам көшеде жалғыз жүрсе, маска тақпаса болады", - деп мәлімдеді Беркімбаева.

Бас санитар дәрігер медициналық бетперде кию талабын елемегендерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес, 83 340 теңге айыппұл салынатынын ескертті.

Сондай-ақ Беркімбаева ақтөбеліктерден бетпердені дұрыс тағуды өтінді: иекке тақпаңыздар, ол ауыз бен мұрынды толығымен жабуы тиіс. Ал бір реттік масканы әр екі сағат сайын ауыстырып отыру керек.

Оқи отырыңыз: Далада маска тақпағандар айыппұл төлейді – бас санитар дәрігер 

"Бірақ шенеуніктердің ешқайсысы халыққа санитарлық нормаларға сәйкес масканы ауыстыру үшін қайдан ақша табу керектігін түсіндірмейді. Кейбір ақтөбеліктер бір рет қолданылатын масканы бірнеше күн киіп жүретінін айтады, ал жаңасын сатып алуға ақша жоқ. Айтпақшы, карантин аяқталғаннан кейін, бір реттік масканы кию талабы қалады", - деп жазды газет.

Жаңалықтар
0