Қоғам

Нұр-Сұлтанда аурухананың бас дәрігері коронавирустан қайтыс болды

© Photo : Фото со страницы Ивана Ли в FacebookОт коронавируса скончался главный врач больницы №2 Нур-Султана Иван Иванович Ли
От коронавируса скончался главный врач больницы №2 Нур-Султана Иван Иванович Ли - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір айға жуық індетпен сырқаттанып, ауыр жағдайда жүрген дәрігерге көптеген науқастар тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 қалалық көпсалалы аурухананың бас дәрігері Иван Иванович Ли қайтыс болды. Бұл ақпаратты елорда әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Ол бір айға жуық індетпен сырқаттанып, ауыр жағдайда жүрген. Қаншама адамның дертіне шипа дарытқан азаматқа көптеген науқастар жүрекжарды ризашылықтарын білдіріп, тезірек сауығып кетуіне тілеулестік білдірген болатын.  

Өкінішке орай, Иван Иванович көз жұмды.

Иван Иванович Ли туралы не білеміз?

1960 жылы Қарағандыда дүниеге келген ол Қарағанды ​​мемлекеттік медицина институтын хирургия мамандығы бойынша бітірген. Сол жерде тәжірибеден өткен.

Үш жыл бойы ол Қарағанды ​​облысындағы Жастар ауданының орталық аудандық ауруханасында хирург, содан кейін Қарағанды ​​қаласының жедел ауруханасында уролог болып жұмыс істеген.

1996 жылға дейін Алматы қаласындағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың урологиялық бөлімін басқарды.

Содан кейін қалалық онкологиялық диспансерде мен №1 қалалық клиникалық ауруханада бас дәрігердің орынбасары және қазіргі заманғы медициналық технологиялардың медициналық диагностикалық орталығының бас дәрігері болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны азаймай тұр – денсаулық сақтау министрі

2006 жылы Иван Иванович Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананы басқарды, содан кейін елордаға ауысты.

2015 жылы Астана денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді, содан кейін Нұр-Сұлтандағы №2 қалалық көпсалалы аурухананың директоры болды.

Жаңалықтар
0