Өңірлер

Тәртіпсіздіктен кейін Сәтбаев қаласында қазір не болып жатыр – видео

© Photo : Централизованная библиотечная система г. СатпаеваГород Сатпаев
Город Сатпаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан және Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

АЛМАТЫ, 24 шілде – Sputnik. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақтанды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

"Қалада қалыпты өмірөтіп жатыр, жағдай тұрақты", - делінген әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Видеодан тұрғындардың қалада серуендеп жүргенін, полиция патрулінің қала көшелеріне кезекшілікке шыққанын көруге болады.

Алайда тәптіпсіздік болған жер мен полиция учаскесінің маңы видеода көрсетілмеген.

Сәтбаевтағы толқу

23 шілдеден 24 шілдегеқараған түні Сәтбаев қаласында тәртіпсіздіктер басталды. Оған жоғалған 5 жасар қыздың белгісіз ер адамның пәтерінен табылуы себеп болған.

Бүлдіршінді бүкіл қаладан іздеді. Бала табылғаннан кейін күдікті тұратын үйдің маңына бір топ адам жиналды. Олар күдіктіні өздері жазаламақ болды.

Ашулы топ барлық пәтердіңесігін қағып, тұрғындардың зәресін ұшырған. Халық толқуын басу үшін қалаға Ұлттық ұлан күштері тартылды. Содан кейін жиналғандар күдіктіні беруді талап етіп, қалалық әкімдікке қарай бет алды.

Қала билігі бала анасының қасында екенін мәлімдеді және тұрғындарды арандатушылыққа ермеуге шақырды. Таңға қарай қалада жағдай тұрақталды.

Тоқаев тапсырмасы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан және Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді.

Мемлекет басшысы жағдайды бақылауда ұстап, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ел ішіндегі тұрақтылықты бұзуға талпынған арандатушылардың алдын алуды, құқық бұзушыларды заң аясында жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Жаңалықтар
0