НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Жоғалған бес жасар қыз бөтен еркекпен бірге табылған үйдің алдына үлкен топ жиналды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
23 шілдеде сағат 21.00-де Жезқазған тұрғыны Сәтбаев қаласының полициясына хабарласып, бес жасар қызының жоғалып кеткенін айтқан. Іздестіру шараларының нәтижесінде бала көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылды. Бала қазір ауруханада тексеруден өтіп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Дегенмен үйдің алдына бір топ адам жиналды – олар күдіктіні өздері жазаламақ болып, оны беруді талап етті. Ашулы топ барлық пәтердің есігін қағып, тұрғындардың зәресін ұшырған.
Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды. Қарағанды облысының полиция департаменті қоғамдық тәртіпті және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр.
Содан кейін жиналғандар күдіктіні беруді талап етіп, қалалық әкімдікке қарай бет алды.
Тұрғындар желіде оқ атылғанын және көлік өртенгенін жазып жатыр.
Қалаға Ұлттық ұлан күштері тартылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қала билігі тәртіпсіздікке қатысушыларды тарауға және арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.
Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Назерке Сапарбектің айтуынша, қыз қазір анасымен бірге.