Қоғам

"Қалай құдайдан қорықпайды?": Әбілдина кімге сенуге болмайтынын айтты

© SputnikКаракат Абильдина
Каракат Абильдина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оның айтуынша, ел басына күн туғанда өнер адамдары сырт қалған емес. Әбілдина қиын кезеңде де өнер адамдары бірігіп, қаражат жинап, елге қол ұшын созғанын алға тартты

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қарақат Әбілдина әншілер неге 42 500 теңгеге ортақтасады деп шулағандарға жауап берді. 

"Бұл әншілер отырса опақ, тұрса сопақ болды. Әншінің де отбасы, бала-шағасы бар емес пе? Міне, 5 айдан асты жұмыссыз үйде отырған әріптестерімнің мүлдем табыссыз қалғаны рас. Оларға неге беріледі деп табалау, әділетсіздік емес пе? Оның үстіне, Қазақстанның азаматы ретінде заң барлығына ортақ", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАРАҚАТ (@karakat_a)

Оның айтуынша, ел басына күн туғанда өнер адамдары сырт қалған емес. Әбілдина қиын кезеңде де өнер адамдары бірігіп, қаражат жинап, елге қол ұшын созғанын алға тартты.

"Атымызды жамылып осындай қиын уақытта сыртымыздан түрлі алаяқтық жолмен халықты алдап жарыса ақша жасап жатқандар анау... Қалай құдайдан қорықпайды екен? Осы парақшада өз аузыммен айтылмаған жалған ақпаратқа сенбеңіздер. Сондайлардың кесірінен көзге сүйелдей көрініп қалатынымыз өкінішті", - деп толықтырды өз ойын Әбілдина.

Сондай-ақ, Әбілдина қазіргі уақытта онлайн білім сапасына тоқталып, медицина саласы да сыр бергенін айтты. 

Жаңалықтар
0