Әлем

Атақты Майк Тайсон мен Рой Джонстың рингте кездесетін күні белгілі болды

© Sputnik / Сергей КимБоксер Майк Тайсон на Synergy Global Forum
Боксер Майк Тайсон на Synergy Global Forum - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Калифорния штатында қайырымдылық турнирі ретінде ұйымдастырылатын жекпе-жек сегіз раундтан тұрады

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон Калифорниядағы Карсонда 12 қыркүйек күні әлемнің экс-чемпионы Рой Джонспен кездеседі.

Көптен күткен жекпе-жектің трансляциясы Triller әлеуметтік желісінде қол жетімді болады. Жекпе-жектің өзі көрме сипатында ұйымдастырылып, одан жиналған қаражат қайырымдылыққа жіберіледі. 

​2020 жылдың сәуір айының соңында 54 жастағы Тайсон қайырымдылық турнир үшін кәсіпқой рингке қайта оралғысы келетінін мәлімдеген. Аты аңызға айналған боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін 2005 жылы Кевин Макбрайдқа қарсы өткізіп, жеңілген. Жалпы Тайсон 58 жекпе-жегінің 50-ін жеңіспен аяқтаған.

Оқи отырыңыз: Майк Тайсон бокс тарихындағы ең ұлы боксшыны атады

Ал Рой Джонстың соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың ақпанында Скотт Сигмонмен өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан. Ол өз мансабындағы 77 кездесудің 66-сында жеңіске жеткен (47 нокаут). Джонсқа ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионымен кездесу туралы ұсыныс түскенде, ол бірден келісім берген.

Жаңалықтар
0