Қоғам

"Екі жерде екі түрлі соманы көрсетеді": зейнетақы қоры түсініктеме берді

© Sputnik / Тимур БатыршинЛоготип Единого накопительного пенсионного фонда
Логотип Единого накопительного пенсионного фонда  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қор өкілдері БЖЗҚ беретін үзінді көшірмеде зейнетақы жарналары мен өсімпұл және инвестициялық табыс туралы ақпарат көрсетілетінін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры электронды үкімет порталы арқылы бір есепшоттың сомасы неге екі түрлі болып шығатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде "Электронды үкімет" веб-порталында (egov.kz) "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылары қаражаттарының түсімі мен қозғалысы туралы ақпарат беру" деген мемлекеттік қызмет бар. Соның көмегімен есепшоттағы ақшаның сомасын білуге болады. Бұдан бөлек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтынан немесе egov.kz веб-порталынан "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат" мемлекеттік қызметі арқылы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені алуға болады.

"Бірақ осы екі құжатта көрсетілетін сома екі түрлі. Бізге хабарласатын адамдар алшақтықтың себебін түсіндіріп беруді жиі сұрайды", - дейді қор қызметкерлері.

Олардың айтуынша, бірінші құжатта жұмыс берушілер аударған зейнетақы жарналары және өсімпұлдар көрсетіледі. Бірақ инвестициялық табыс туралы дерек жоқ. Ал БЖЗҚ беретін жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде зейнетақы жарналары мен өсімпұлдармен бірге есептелген инвестициялық табыс туралы ақпарат та көрсетіледі.

Оқи отырыңыз: БЖЗҚ зейнетақы жинағының 10%-ін пайдалану ұсынысына қатысты мәлімдеме жасады

"Осылайша, екі үзінді көшірмені алып, олардың нәтижелерін салыстыра отырып, салымшылар инвестициялық кірістен құралған айырмашылықты көреді. Бұл ретте салымшының жинақтаушы зейнетақы жүйесінде, оның ішінде БЖЗҚ-да болған барлық уақыты үшін есептелген инвестициялық табыс көрсетіледі. Үзінді көшірмеде аударымдардың кезеңіне де мән берген жөн", - дейді мамандар.

Жаңалықтар
0