Қырық жыл бұрын Мәскеу олимпиадасының тұмарына айналған – сүйкімді қонжық Миша – жер шарына кеңінен таныла түсті.
Оның төсбелгілер мен плакаттарда, кинотеатрлар мен телеэкрандарғы күлімсіреген бейнесі олимпиадалық қозғалыстың негізгі ұстанымы – ізгілік пен өзара көмектің және адал бәсекенің белгісіндей болып көрінді.
Мәскеудегі олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Лужники ашық стадионындағы арнайы трибунада еріктілер мыңдаған түрлі түсті элементтерден қонжық бейнесі – "жанды" суретті қолмен жасады.
Ал стадионның орталық алаңында жүздеген спортшы мен гимнаст, биші, музыканттар сол кездері адам денесі арқылы жасау мүмкін еместей көрінетін ғажайып өнерімен көрермендерді таң қалдырды.
Мәскеу олимпиадасының ашылуы салтанаты қалай өткенін суреттерден тамашалаңыз.