Видео

ЕАЭО-дағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі талқыланды - видеотрансляция

Жазылу
Онлайн бейнебайланыс бойынша ЕАЭО елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне арналған Мәскеу - Бішкек - Ереван - Минск отырысы өтті. Видеотрансляцияны Sputnik Қазақстан сайтынан көріңіз

Отырысқа Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко қатысты.

17 шілде күні Минск қаласында өткен үкіметаралық кеңес отырысында азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі талқыланғаны айтылған болатын. Әсіресе, антибиотиктер жайы сөз болды.

Бұл мәселеге одаққа мүше елдердің әрқайсысының жеке көзқарасы бар. Сондықтан кеңес жоғары деңгейдегі ведомствоаралық жұмыс тобын құруды тапсырды. Топ "Азық-түлік қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке енгізілетін өзгертулерді қарастырады.

Жобаға өзгертуді 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін енгізу жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0