Өңірлер

Талғарлық жігіт өгей әкесін пышақтап тастады

© Sputnik / Абзал Калиев Ограбление, иллюстративное фото
 Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
29 жастағы ер адам алдымен өгей әкесінің мойын тұсына жарақат салған. Содан кейін арқасына тағы бірнеше соққы жасап үлгерген

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Алматы облысында полицейлер өгей әкесін өлтірмек болған ер адамды ұстады.

Іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы жігіт ұсталды. Ол масаң күйде өгей әкесіне пышақ ала жүгірген, деп хабарлады Polisia.kz.

"Қылмыс Талғар ауданының Гүлдала ауылында 21 шілдеге қараған түні сағат 01.30-да жасалған. Полицияға айғай-шуды естіген көршілер хабарлаған", – деді Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Ерлан Қасым.

Тергеу барысында сол түні үйдің ауласында ер адамдар ішімдік ішіп, жанжалдасып қалғаны анықталды. М. есімді ер адам қолына пышақ алып, алдымен қарсыласының мойын тұсына жарақат салған. Содан кейін қаша жөнелген жәбірленушінің арқасына тағы да бірнеше рет соққы жасап үлгерген. 

Түркістанда өгей ана үш қызын пышақпен тілгілеп, тістеуікпен азаптаған 

"54 жастағы К. есімді ер адам пышақ жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. Ал күдікті бой тасалауға тырысқан. Алайда тәжірибелі із кесушілер оны бір тәулік ішінде ұстады", – деді Қасым.

Қылмыс Қазақстан Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмысқа оқталу ретінде сараланды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0