Қоғам

Денсаулық сақтау министрі халыққа үндеу жолдады

© Sputnik / Абзал КалиевУлицы Нур-Султана после снятия режима ЧП
Улицы Нур-Султана после снятия режима ЧП - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алексей Цой бетперде кию, арақашықтықты сақтау, үйде отыру сияқты шараларды қалыпты жағдайға айналдыруға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде үкімет денсаулық сақтау саласын қажетті құрал-жабдықпен, дәрі-дәрмекпен, тестпен қамтамасыз етуге тырысып жатыр. Нәтижесі де жоқ емес. Оны көріп жатырсыздар. Стационарлардағы төсек орындар жаппай көбейтілуде. Бірақ көп нәрсе халықтың санасына байланысты", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда карантинді жеңілдету жоспары әзірленіп жатыр 

Министрдің айтуынша, карантин алынғаннан кейін маңызды бір нәрсені ұмытпау қажет. Коронавирус ешқайда кетпейді. Инфекция біздің арамызда қалады. 

"Біз оған үйренуіміз керек. Жаңа жағдайда өмір сүруге бейімделуіміз қажет. Мысалы, кез келген адам ауа-райына бейімделеді. Жаңбыр жауса, қолшатыр алады. Күн суыса, жылы киім киеді. Бұның барлығын автоматты түрде істейміз. Сол сияқты инфекция шығып, эпидемиологиялық маусым басталса, бетперде кию, арақашықтықты сақтау, үйде отыру сияқты шаралар қалыпты жағдайға айналуы тиіс", - деп түсіндірді Цой.

Министр адамдар санитарлық нормаларды сақтаса, өздеріне ғана емес, денсаулық сақтау жүйесіне де көмектесетінін жеткізді. Себебі дәрігерлерге қазіргідей көп салмақ түспейді. Ал, ең бастысы, денсаулыққа мән беріп, иммунитетті күшейту керек. Шектеу шаралары да оң нәтиже береді.

Жаңалықтар
0