Қоғам

Қазақстандық дәрігерлер Мәскеуде коронавируспен күрестің негізгі пункттерінде болды

Казахстанские медики в Коммунарке в Москве
Казахстанские медики в Коммунарке в Москве - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей астанасында пандемиямен күрес кезінде COVID-19 науқастарының санын азайтуға мүмкіндік беретін тиімді механизмдер жасалды

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қазақстаннан барған медициналық делегация Мәскеудің жетекші ауруханаларында болды.

Мәскеу денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандықтар COVID-19 жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәжірибесін үйренуге келген.

"Дәрігерлер астананың негізгі мекемелеріне – "Вороновское" Мәскеу жұқпалы аурулар клиникалық орталығына, Коммунарка ауруханасына, телемедицина орталығына, Склифосовский атындағы институтқа және Пучков атындағы жедел жәрдем станциясына барды", - делінген департаменттің хабарламасында.

Мәскеудің мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің мамандары қазақстандық әріптестеріне пандемия кезінде коронавируспен ауырған науқастарға медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде ауруханаларда дәрігерлер қолданған емдеу схемалары мен хаттамаларын, сондай-ақ "қызыл" аймақтарда жұмыс істеу кезінде медициналық қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін көрсетті.

"Қазақстандық дәрігерлер делегациясының Мәскеуге сапары –халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу жұмыстарының бір бөлігі. Мәскеулік мамандар Қазақстанда дәрігерлерге консультативтік және ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсетіп жатыр. Жасақталған бригадалар COVID ауруханаларының жұмысын бағалады, клиникаларды қайта бейіндеу тәртібін анықтады", - деді Мәскеу денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Алексей Токарев.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны азаймай тұр – денсаулық сақтау министрі 

Бұған дейін Алматыға жіберілген 22 дәрігерден тұратын мәскеулік дәрігерлердің көпсалалы бригадасы Мәскеуге оралды.

Бұл Мәскеу денсаулық сақтау департаменті дәрігерлерінің жаңа коронавирус инфекциясымен күресуге көмектесу мақсатындағы алғашқы мемлекетаралық медициналық сапары.

Қазір Мәскеу үкіметінің тапсырмасына сәйкес 15 адамнан тұратын медициналық бригада Қостанай облысына қайта жіберілді.  

Жаңалықтар
0