Өңірлер

Петропавлға гуманитарлық көмек жеткізілді

© Sputnik / Елена БережнаяГуманитарная помощь из Екатеринбурга доставлена в Петропавловск
Гуманитарная помощь из Екатеринбурга доставлена в Петропавловск - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Тату көршілік" акциясы аясында "Урал-Евразия" үкіметтік емес ұйымы Петропавлға гуманитарлық көмек жіберді

ПЕТРОПАВЛ, 21 шілде - Sputnik. "Тату көршілік" акциясы аясында Ресейдің Свердловск облысынан Петропавлға гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Коронавирус пандемиясы кезінде қажетті 1,5 миллион рублдің гуманитарлық көмегін Екатеринбургтен "Урал-Евразия" үкіметтік емес ұйымы жіберді.

Қайырымдылық көмек Қазақстанның солтүстіктегі қалалары - Қостанай, Көкшетау және Петропавл арасында бөлінді.  

© Sputnik / Елена БережнаяЕкатеринбургтен келген гуманитарлық көмек Петропавлға жеткізілді
Петропавлға гуманитарлық көмек жеткізілді - Sputnik Қазақстан
Екатеринбургтен келген гуманитарлық көмек Петропавлға жеткізілді

Петропавлдың ауруханалары мен емханаларына қолғаптар, маскалар, қан қысымын бақылау құралдары, электронды термометрлер, медициналық ингаляторлар таратылып жатыр.

Сәлемдемеде сондай-ақ дәрумендер мен парацетамол бар. Еріктілер бұл дәрі-дәрмекті мұқтаж адамдарға тегін үлестіреді.

Оқи отырыңыз: Ақорда коронавируспен күреске бөлінген ақшаның ұрлануына қатысты мәлімдеме жасады 

Ресейдің азаматтық сектор өкілдері Қазақстанға 100 мыңнан астам бетперде, 20 мың қолғап, тонометр, термометр және антисептик жібермек. Гуманитарлық көмек республика өңірлеріне 2020 жылдың шілдесінде келеді.

Акцияға Мәскеу, Екатеринбург, Уфа, Саратов, Астрахань, Новосибирск, Орынбор және Қазанның коммерциялық емес ұйымдары қосылады.  

Жаңалықтар
0