НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қазақстанда коронавируспен күреске республикалық бюджеттен қосымша 42 миллиард теңге бөлінуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жыл соңына дейін эпидемиологиялық ахуал болжам бойынша ПТР зертханалар қуатының ұлғаятынын ескеріп, ПТР тестілеу қызметіне төлеуге республикалық бюджеттен қосымша 42 миллиард теңге бөлу қажет. Сондай-ақ, зерттеуге тартылған ветеринарлық зертханалардағы 67 маманның іссапар ақысына 170 миллион теңге төленуі тиіс", – деді Цой үкімет отырысында.
Бұдан бөлек, облыс әкімдері ауыл мен аудандардан зерттеу материалдарын жеткізу үшін автокөлік бөлу мен қызмет ақысын төлеуді қамтамасыз етуі қажет.
Оқи отырыңыз: Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, үкімет резервінен жеке қорғаныш құралдарына 7,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға 41 миллион маска, 27 миллион қолғап, 379 мың қорғаныш костюмі мен 1,2 миллион ПТР-тест сатып алынады