Қоғам

Тұрғымбаев Тоқаевқа карантинге байланысты елдегі жағдай туралы айтты

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр внутренних дел Ерлан Тургумбаев
Министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент ішкі істер органдарына жүзеге асырылып жатқан жұмысты жалғастыруды тапсырды. Ол кінәлілер заңнамаға сәйкес жазаланатынын атап өтті

АЛМАТЫ, 20 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрі мемлекет басшысына дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың жолын кесу және карантин шараларын бұзу фактілері туралы баяндады, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өткізді. Жиын барысында құқық қорғау, денсаулық сақтау және жергілікті атқарушы органдар дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықты сату бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауда және оның жолын кесуде тұрақты түрде ведомствоаралық жұмыс жүргізу қажеттігін баса айтты.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, ішкі істер министрлігі денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 18 мыңнан астам рейд жүргізді.

"Көрсетілген кезеңде барлығы 4000-нан астам карантинді бұзушы анықталып, шара қолданылды. Мұндай жағдай Алматы қаласында, Ақмола, Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында көп тіркелді", - делінген қауіпсіздік кеңесінің ақпаратында.

5 шілдеден бастап дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсызс атудың жолын кесу бойынша ішкі істер органдары заңсыз айналымнан 65 мыңнан аcтам қорап дәрілік препараттарды, жарты миллион медициналық маска мен 36 мың медициналық бұйымды тәркілеген. Олар қымбат бағада сатылған.

Сондай-ақ, ішкі істер органдары дәрілік заттарды заңсыз сатудың 348 фактісінің жолын кесті. 

"Полицияға 284 адам жеткізілді, оның 138-сі медицина саласының қызметкерлері. Дәрі-дәрмектің көп көлемі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Атырау қалаларында алынды", - делінген ақпаратта.

Алынған медициналық препараттар аумақтық денсаулық сақтау органдарына беріледі.

Сонымен қатар Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдары жүргізіп жатқан қоғамдық тәртіпті сақтау және қолданыстағы шектеу шараларын қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады. Бұл міндеттерді орындау үшін күнделікті 13 000 полицей, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және 1000 ерікті  жұмыс істеп жатыр. 4 облыста 2 санитарлық және 9 блок бекет қойылды. 241 жұқтыру ошағы мен 366 карантиндік нысан қоршауға алынды.

Кеңес қорытындысы бойынша, президент ішкі істер органдары бұл бағыттағы жұмысты жалғастыратынын, ал, кінәлілер заңнамаға сәйкес жазаланатынын атап өтті.

Бұл тапсырманың іске асырылуын бақылау ҚР президенті әкімшілігінің үйлестірумен Қауіпсіздік кеңесінің аппаратына жүктелді.

Жаңалықтар
0