НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Уфа қаласындағы "Берлек-Единство" геосаяси зерттеулер орталығы Гумилев атындағы ұлттық университет студенттеріне бес мың бетперде жіберді.
Акция ұйымдастырушылары Қазақстандағы қиын жағдай кезінде шет қалмау үшін "Добро-Соседство" шарасы жүзеге асырылғанын атап өтті.
"Шілде айында Ресейдің азаматтық сектор өкілдері Қазақстанға барлығы 100 мың бетперде, 20 мың қолғап, тонометр, термометр және антисептик жібереді. Жүктің жалпы құны - 1,5 миллион рубль (9 млн теңге)", - деді ұйым өкілдері.
Гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы Уфадан Қостанай және Нұр-Сұлтан қалаларына жеткізілді.
Акцияға Мәскеу, Екатеринбург, Уфа, Саратов, Астрахань, Новосібір, Орынбор және Қазан қалалары қатысуда.
Көмек Петропавл, Көкшетау, Орал, Атырау және Алматы қалаларына да жеткізіледі.