НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. 19 шілдеден жұмыс берушілерден 42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталды.
Олар жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына шыққан жұмысшылары үшін өтінім береді.
"Қол астындағы қызметкерлері үшін өтінім беретін жұмыс берушілер үшін (заңды және жеке тұлғалар) өтінім қабылдау 19 шілдеде сағат 10.00-де eGov.kz және 42500.enbek.kz порталдарында басталды", - делінген 42500.enbek.kz сайтында.
Бұл жолы әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарнасының төленгенін растау талап етілмейді.
Жұмысшылар басшылығының өтінім беріп-бермегенін тексере алады.
Тағы оқыңыз: Нұрымбетов 42 500 теңгені заңсыз алатындарды алда не күтіп тұрғанын айтты
Кәсіпорынның карантинге байланысты қызметін тоқтатып-тоқтатпағанын өңірлік және қалалық штабтар тексереді.
Егер 42 500 теңге табысынан айырылмаған қызметкерге төленсе, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры компания басшылығын сотқа беруге құқылы.
Өтінім қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады.
16 шілдеде әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалатын қазақстандықтарға SMS хабарлама жіберілді.
Ал 18 шілдеде бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілерден eGov.kz, 42500.enbek.kz және Aitu платформасы, сондай-ақ 18 telegram-бот арқылы 42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталды.