Қоғам

Қазақстанда тағы 1636 адам коронавирус жұқтырды

© Sputnik / Владислав ВодневҚорғаныш костюмін киген дәрігер
Қорғаныш костюмін киген дәрігер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
908 науқаста ауру белгілері байқалады, ал қалған 728-і –симптомсыз пациенттер, пандемия басталғалы елде індетке шалдыққандар саны 70 мыңнан асты

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Өткен тәулікте республикада 1636 адамда коронавирус диагнозы расталды, деп хабарлайды вирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Оның ішінде 908 науқаста ауру белгілері байқалады, ал қалған 728-і –симптомсыз пациенттер.

Осылайша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 70 339 адамға жетті.

Өңірлер бойынша:

  • Атырау облысында - 9057 (+184),
  • Алматы қаласында - 8922(+220),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -8145(+258),
  • Қарағанды облысында - 6910(+118),
  • Батыс Қазақстан облысында - 4647 (+103),
  • Шымкент қаласында - 4410(+47),
  • Шығыс Қазақстан облысында - 3975(+133),
  • Алматы облысында - 3582 (+78),
  • Жамбыл облысында - 2792 (+121),
  • Ақтөбе облысында - 2723 (+23),
  • Түркістан облысында - 2457 (+40),
  • Павлодар облысында - 2274 (+92),
  • Маңғыстау облысында - 2252 (+2),
  • Қызылорда облысында -2211 (+49),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 2129 (+63),
  • Ақмола облысында - 1949 (+50),
  • Қостанай облысында - 1904 (+55).
Жаңалықтар
0