Қоғам

Күн 42 градусқа дейін ысиды: демалыс күндері ауа райы қандай болады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуСолнце, жара
Солнце, жара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер Қазақстанда демалыс күндері ауа райы құбылмалы болатынын хабарлады. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды

АЛМАТЫ,17 шілде – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 18-20 шілде аралығындағы ауа райына болжам жасады.

Оңтүстік циклонның шығуына байланысты республика көлемінде ауа райы құбылмалы болады.

"Кей жерде күн күркіреп, жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Соған қарамастан ауа температурасы 30-38 градус болады, оңтүстік пен батыста кей жерлерде 42 градусқа дейін ысиды. Республиканың кей аймағында жел күшейіп, соңы шаңды дауылға ұласады",- деп хабарлады синоптиктер.

Өңірлердегі дабылды ескерту

Сенбі күні Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының оңтүстігінде 40-42 градус ыстық болады.

18 шілдеде таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Қостанайда 18 шілдеде күн күркіреп, жел соғады. Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.

Петропавлда 18 шілдеде күндіз ауа райы 35 градусқа дейін ыстық болады.

Мегаполистердегі ауа райы

Синоптиктер Нұр-Сұлтанда демалыс күндері ауа райы жауын-шашынсыз болады деген болжам жасады. Күндіз 30 градустан 34 градусқа дейін ыстық болады, түнде +17...+20 градус жылы болады.

Алматыда сенбіде күн күркіреп, күндіз ауа температурасы +32...+34, түнде +22...+24 градус болады. 19 шілдеде күн бұлтты болады, күндіз ауа температурасы +30...+32 градус, түнде +20...+22 градус.

Шымкентте демалыс күндері күн ашық болады, күндіз ауа температурасы +38...+40 градус, түнде+21...+25 градус жылы болады.

Жаңалықтар
0