Қоғам

Қазақстанда дәрі-дәрмек сату саласында 400-ге жуық заңбұзушылық анықталды

© Sputnik / Абзал КалиевДәріханадан дәрі сатып алып жатқан ер адам
Дәріханадан дәрі сатып алып жатқан ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың айналымын бақылау Президент әкімшілігіне қарасты Қауіпсіздік кеңесінің аппаратына жүктелді

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Ақорда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елде дәрі-дәрмек тапшылығы проблемасын шешуге қатысты тапсырмасы қалай орындалып жатқанын хабарлады.

"5 шілдеден 16 шілдеге дейін 11 күн ішінде қаржы министрлігінің экономикалық тексеру қызметі, ішкі істер министрлігі және ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі дәрі-дәрмектер сату және медициналық бұйымдар саласы бойынша 396 құқық бұзушылық фактісін анықтады. Оның ішінде 76 іс Қылмыстық кодекстің бабтары бойынша қаралады", - делінген Ақорда сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Атап айтқанда, олардың арасында жеке тұлғалардың алып-сату деректері, дәріханалар желісінің қызметкерлерімен келісе отырып жасалған бірқатар әрекеттер бар.

Еске салсақ, үкіметтің кеңейтілген отырысында президент құқық қорғау органдары құрылымдарынан нақты шешімдер қабылдап, әрекет етуін талап еткен болатын.

"Қазір біз соғыс жағдайындамыз. Сондықтан әрбір басшылардан шұғыл мәселелер мен міндеттерді барынша тиімді шешу талап етіледі", - деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Ақорда коронавируспен күреске бөлінген ақшаның ұрлануына қатысты мәлімдеме жасады

Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың айналымын бақылау Президент әкімшілігіне қарасты Қауіпсіздік кеңесінің аппаратына жүктелді.

Бүкіл елде дәрі-дәрмектің бөлшек саудасының шекті бағасын сақтау бойынша фармацевтикалық ұйымдардың жұмысын тексеру басталды.

Бағаның қымбаттауынан бөлек, қазіргі уақытта дәрі-дәрмектерді заңсыз сату, яғни тіркеусіз, лицензиясыз және басқа да рұқсат құжаттарынсыз, соның ішінде дәріханалар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сату деректері анықталуда.

Алынған дәрі-дәрмектердің бәрі денсаулық сақтау министрлігіне қарасты тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне науқастарды емдеуге пайдалану үшін беріледі.

Жаңалықтар
0