Қоғам

Кінәлілер жазаланады: Тоқаев үкімет пен әкімдерді қатаң сынға алды

© Photo : сайт АкордыҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының дәріханаларында ұзын-сонар кезек әлі де бар екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Президент үкімет пен әкімдердің жұмысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы өңірлерде дәрі тапшылығы әлі де бар екенін атап өтті.

"Баяндама бетінде жағдай бақылауда болғанымен, іс жүзінде олай емес. Президент әкімшілігіне еліміздің барлық дәріханасындағы дәрі-дәрмектерді тексеру жөнінде тапсырма бердім. Нәтижесі көңіл көншітерлік емес. Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Алматыда дәрі тапшылығы, ұзын-сонар кезек әлі де бар. Аса қат дәрілердің бағасы қымбат екені анықталды. Көлеңкелі бизнестің көлемі артып бара жатыр", – деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Ақорда коронавируспен күреске бөлінген ақшаның ұрлануына қатысты мәлімдеме жасады

Құқық қорғау органдары көтерме және бөлшек саудамен айналысатын дәріханаларда рейдтер мен тексерулер жүргізген. Тексеру қорытындысы бойынша заңсыз дәрі-дәрмек саудасымен айналысқан 270 адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның 116-сы медицина қызметкері.

Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың жалғаса беретінін, сондай-ақ, кінәлілер заңға сәйкес жазаланатынын атап өтті.

Сондай-ақ, президент үкіметтің коронавирус пен өкпе қабынуының статистикасын біріздендіру туралы шешімі пандемияның таралу көлемін нақты көруге мүмкіндік беретінін айтты.

Ол статистика мен сараптамалардағы кемшіліктердің, жоспарлаудың тиімсіздігінің кесірінен өңірлер өздеріне қажетті дәрі-дәрмектің көлемін нақтылай алмай отырғанын жеткізді. Барлық проблема жұмысты дұрыс жоспарламаудан басталатынын айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев, мұны кәсіби шеберліктің төмендігі деп бағалады.

Жаңалықтар
0