Қоғам

Тоқаев "жерлеуден жемтік іздегендерді" жөнге келтіруді тапсырды

© Sputnik / Абзал КалиевАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Президент соңғы екі аптада мәйітті тасымалдау және жерлеу үшін төленетін ақы қатты өсіп кеткенін, мұны қарапайым халықтың қалтасы көтермейтінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Ақордада өткен селекторлық отырыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәйітханалар мен жерлеу қызметінде сорақы тірліктер атқарылып жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы кейбір пысықтар пайда табу үшін барлық адамгершілік қағидаттарды аттап өтіп, халықты алдау мен бопсалаудан тайынбай отырғанын жеткізді.

"Соңғы екі аптада мәйітті тасымалдау және жерлеу үшін төленетін ақы қатты өсіп кеткен. Мұны көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Әкімдерге бір күн ішінде "жерлеуден жемтік іздегендерді" жөнге келтіруді тапсырамын", – деді Тоқаев.

Президент дертке шалдығушылар санының артуы, коронавирус рейтингіне ғана емес, Қазақстанның инвестициялық ахуалына, туристік әлеуетіне және елге тартылатын жаңа технологияларға да кері әсер ететінін атап өтті.

Тағы оқыңыз: "Ешқандай қисынға сай келмейді": Тоқаев үкіметке бірнеше тапсырма берді

Үкімет барлық сын-қатерді жою үшін бұл жағдайды өзінің жұмыс жоспарында ескеруі керек, деп жалғастырды ол.

Тоқаев пандемия кезіндегі кез-келген қате шешім, бюрократиялық кедергілер, жауапкершіліктен бас тарту жүздеген адамның өмірі мен денсаулығына зиян тигізуі мүмкін екенін баса айтты.

Жиын соңында мемлекет басшысы коронавирус жөніндегі барлық дерек, оның ішінде, статистикалық мәліметтер үкіметтің айрықша құзыретінде болуы қажет екенін мәлім етті. Өйткені бұл жекелеген адамдардың жалған ақпарат таратып, қоғамды адастырудан сақтайды.

Жаңалықтар
0