Қоғам

Карантинге қарамастан тыйылмай тұр: президент той-томалақ туралы айтты

© Sputnik / Арман АсқарАуызашар дастарханы
Ауызашар дастарханы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республикада шектеу шаралары қабылданғанымен той-томалақ тыйылмай тұр, мемлекет басшысы ел арасында түсіндіру жұмысы әлсіз жүргізілгенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев карантинге қарамастан өткізіліп жатқан отбасылық мерекелер туралы айтты.

Елімізде шектеу шаралары қабылданғанымен халық әлі де отбасылық мерекелер жасауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Ақорда.

Атап айтқанда, мұндай жағдай Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Шымкент қаласында байқалады. Президент әкімдер карантин режимін сақтауға бағытталған түсіндіру жұмыстарын әлсіз жүргізгенін сынға алды.

"Әкімдер аса күрделі жағдайда жұмыс істей алмайды. Өзекті проблемаларды шұғыл шешуді, азаматтарға мемлекеттік саясатты дұрыс түсіндіруді білмейді",– деп мәлімдеді президент.

Оның ойынша, үкімет мүшелері де, әкімдер де "тоқмейілсудің, масайраудың қақпанына түскен". 

Жаңалықтар
0