Саясат

Беларусь президенті Қазақстан премьерінен кешірім сұрады

© Photo : Пресс-служба премьер-министра РКАскар Мамин и Александр Лукашенко, Минск
Аскар Мамин и Александр Лукашенко, Минск - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асқар Маминмен кездесуден бұрын Александр Лукашенко Ресей премьер-министрімен ұзақ уақыт келіссөз жүргізген

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнен кездесуді күтіп қалғаны үшін кешірім сұрады.

17 шілдеде Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті, оған Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин қатысты. Сондай-ақ, Қазақстан премьер-министрі Беларусь басшысымен кездесті.

Беларусь президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан премьер-министрімен кездесудің алдындағы Александр Лукашенко мен Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустиннің келіссөзі ұзақ уақытқа созылып кеткен.

Осыған байланысты Беларусь басшысы қазақстандық қонағынан кешірім сұрады.

"Ресей премьер-министрімен алғаш рет кездестік. Проблема көп. Айтпақшы, біздің ортақ мәселелеріміз жайлы да әңгіме болды. Маған соға кеткеніңіз үшін алғыс білдіремін", - деді Лукашенко.

Қазақстан премьерімен келіссөздер барысында Александр Лукашенко екі елдің экономиканы дамыту мақсаттары ұқсас екенін, сондықтан міндеттемелердің орындалатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Назарбаевтың теннисшілермен кездесуі кезінде күтпеген оқиға болды – видео 

Асқар Мамин Беларусь пен Қазақстанды стратегиялық серіктестік, халықтардың жақындығы және екі мемлекет басшыларының арасындағы жақсы қарым-қатынастан туындайтын ерекше қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Минскіде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты, онда ЕАЭО премьерлері одаққа мүше мемлекеттердің аумағында коронавирус инфекциясының және басқа да жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу үшін денсаулық сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы кешенді шаралар жоспарын бекітті.  

Жаңалықтар
0