Қоғам

Ресейлік дәрігер Қазақстанда ауыр науқастар саны азайып келе жатқанын айтты

© Sputnik / Абзал Калиев Abzal KALIYEVПульмонолог из России Евгений Попов
Пульмонолог из России Евгений Попов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрын әр бөлімде өте ауыр халдегі 10-15 адамнан болса, қазір мұндай науқастар бірнешеу, дейді Қазақстанға шақырылған ресейлік маман

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Қазақстанда хал үстінде жатқан науқастардың саны артып жатқан жоқ, керісінше азаю үрдісі жүріп жатыр, деп атап өтті ресейлік пульмонолог Евгений Попов. Оның пікірінше, бұл қайта карантин енгізудің нәтижесі.  

Евгений Попов Нұр-Сұлтандағы Қалалық фтизиопульмонология орталығының дәрігерлеріне көмектесіп жүр.

"Қазіргі уақытта тіпті Қалалық фтизиопульмонология орталығы бойынша алып қарағанда, оң үрдісті көріп отырмыз - ауыр науқастардың саны азая бастады. Орташа ауыр науқастар бойынша өзгеріс жоқ, бірақ ауыр науқастар азайды. Бұрын әр бөлімде 10-15 ауыр, жағдайы тұрақсыз науқастан болды. Қазір әр бөлімде ондай бірнеше адамнан бар ", - деді ресейлік пульмонолог Sputnik Қазақстанның Instagram парақшасындағы тікелей эфирде.

Оқи отырыңыз: Бұл италиялық сценарий емес – ресейлік дәрігер Қазақстандағы жағдай туралы 

Тіпті жан сақтау бөлімінде интенсивті терапияның қарапайым кереуетінде емделуге болатын науқастар жатыр, деп жалғастырды ол.

"Бұл шектеу шараларының қайта енгізілуімен байланысты", - деп толықтырды ол.  

Қазақстанға Ресейден 30-ға жуық маман – реабилитологтар, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, пульмонологтар, эпидемиологтар келді. Барлық дәрігер Нұр-Сұлтан ауруханаларына бөлінді, сондай-ақ өңірлерге ұшып барды.

Жаңалықтар
0