Өңірлер

Полицейлер парамен ұсталды – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызылорда және Атырау облыстарында лауазымды полиция қызметкерлері пара алды деген күдікпен ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жетелдетілген тәртіппен өтті

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парамен ұсталған полицейлердің видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, Қызылорда облыстық полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы пара алғаны үшін айыпталып отыр.

Оқи отырыңыз: Шкафтан екі бума ақша шықты – Павлодарда ұсталған шенеуніктің видеосы жарияланды 

"Ол есірткі заттарын өткізу кезінде жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды", - дейді жемқорлыққа қарсы мамандар.

Ал Атырау облысында полиция департаменті балық қорына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің басшысы ұсталды. Ол частик тұқымдас балықтарды аулаумен және сатумен айналысатын жеке фирма басшысынан кәсіпкерлік қызметті кедергісіз жүзеге асыру және жалпы қамқорлығы үшін 1,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жетелдетілген тәртіппен өтті. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Жаңалықтар
0