Қоғам

Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылығы тергеуге алынды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сатып алынатын қызметтердің құнын көтеру арқылы қор қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді бастады

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылығына қатысты қаржы жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сатып алынатын қызметтердің құнын көтеру арқылы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ның қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген ресми хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" ЖШС жұмысын сынға алып, басшылығын жұмыстан босатуды тапсырған болатын. Қажет болса тергеу шараларын да жүргізуге нұсқау берді. Ертесінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен "СК-Фармация" ЖШС басшысы Берік Шәріп қызметінен алынды.

Оқи отырыңыз: Президент бірқатар басшыны жұмыстан босатуды тапсырды 

Осы жағдайдан бірнеше күн бұрын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұловтың жұбайы, тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова жариялаған жазбаның скриншоты желіде тарап кетіп, жұрттың наразылығын туғызған еді. Әйел күйеуінен "он екі көлік сыйға алғанын" жазған.

Жаңалықтар
0