Қоғам

Бұл италиялық сценарий емес – ресейлік дәрігер Қазақстандағы жағдай туралы   

© Sputnik / Владислав ВодневВрач в защитном костюме в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом в Нур-Султане
Врач в защитном костюме в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандағы індеттің шарықтау шегі күтпеген жағдай болды, деп түсініктеме берді ресейлік пульмонолог Евгений Попов

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Карантин жеңілдетілгеннен кейін қазақстандықтар қорғанудың қарапайым әдістерін елемеді, ал мекемелердің есігі тым ерте ашылды, деп есептейді ресейлік пульмонолог Евгений Попов.

Оның пікірінше, дәл осы факторлар коронавирус пен пневмонияның күтпеген жерден таралып кетуіне әкеп соқтырды.

"Індеттің шарықтау шегі елдің барлық өңірінде бір апта ішінде дамыды. Мұны ешкім күтпеген еді. Жұрт аздап еркінсіді, карантин жеңілдегендіктен індеттің өзі де жеңілдейді деп күтті. Бәрі қуана бстады. Бірақ карантиндік шаралар жеңілдегеннен кейін екі аптадан соң, өкінішке қарай, ауру қайта тарады", - деді Попов Sputnik Қазақстанның Instagram-дағы парақшасындағы тікелей эфирде.

Ол вирустың өршуіне байланысты жеке пікірін білдірді.

"Менің жеке пікірім – адамдар қорқуды қойды, қорғанудың қарапайым әдістерін елемеді. Барлық мекеменің есігін тым ерте ашты. Сондықтан бұл екінші толқын емес, менің ойымша. Бұл бірінші толқынның жалғасы", - деп толықтырды ол.

Дегенмен Қазақстандағы жағдайды "италиялық сценарий" деп атауға болмайды, деп есептейді ол.

"Италияда эпидемия басталған кезде біз ол туралы ештеңе білмедік. Ғылыми ортада, дәрігерлер мен саясаткерлер арасында ақпарат өте аз болды. Қазақстан эпидемияға дайындықпен келді. Материалдық-техникалық база жасалды. Дәрігерлер тәжірибе жинады, "италиялық сценарий" деп айтуға құқымыз жоқ", - деп жауап берді пульмонолог.  

Карантиндік шектеулердің қайта енгізілуі жағдайды жақсартты, деді ол.

Оқи отырыңыз: Алексей Цой коронавирустан қанша адам қайтыс болғанын айтты 

Қазақстанға Ресейден 30-ға жуық маман – реабилитологтар, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, пульмонологтар, эпидемиологтар келді. Барлық дәрігер Нұр-Сұлтан ауруханаларына бөлінді, сондай-ақ өңірлерге ұшып барды.

Жаңалықтар
0