SputnikPro сарапшысы қызықты тікелей эфирдің лайфхактарын бөлісті

CC0 / pixabay.com / Театр, зрительный зал, иллюстративное фото
Театр, зрительный зал, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тақырыпты зерттеу және ерекше көңіл аударатын мәселені таңдау кез келген шығармашылық қызметтің негіз қалаушысы болып саналады, әйтпесе әңгімені қызықты ету қиын – радио жүргізушісінің кеңестері

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Тікелей эфирдегі сұхбат туралы не білу керек, оның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай және оған қалай дайындалу керек? Бұл сұрақтарға Sputnik радиосындағы "КомпАс" шоуының жүргізушісі Татьяна Голованова SputnikPro вебинарында жауап берді.

Вебинар көрші елдердің журналистері үшін өткізілді.

Голованованың пікірінше, тікелей эфирге әрдайым дайындалып, әңгімеге тек ең маңызды және өзекті мәселелерді енгізу керек. Сонымен қатар, егер қателіктер болса, одан қорқудың қажеті жоқ.

"Қателік кеткені жақсы, кейде ол әңгімені әрлендіріп, сөз сарынын официоздан еркін сұхбатқа өзгертіп жіберуі мүмкін", - деп атап өтті шеф-редактор.

Қонақ жат қылық танытқан жағдайда жауапкершіліктен жалтарудың қажеті жоқ, спикердің пікірімен келіспейтіндігіңізді тікелей хабарлауыңыз керек, тіпті болмаса оны эфирден шығару керек.

Радио жүргізушісі әлеуметтік желілерде әңгімеге қызықты тақырыптар іздеуге, жаңалықтар оқып, талдауға кеңес береді. Ақпаратты баспасөз релиздерінен, архивтерден, жарлықтардан, ресми құжаттардан, есептерден алуға болады.

"Тақырыпты зерттеу және ерекше көңіл аударатын мәселені таңдау кез келген шығармашылық қызметтің негіз қалаушысы болып саналады, әйтпесе әңгімені қызықты ету қиын. Тек маңыздысын сұраңыз, бірақ кейде сұхбатты жандандыратын болса, тақырыптан алшақтауға болады", - дейді Голованова.

Сұхбат барысында спикер тақырыптан ауытқып кетсе, әңгіменің негізгі бағытына қайтару керек.

"Әңгіме үйлесімді, салмақты болуы керек. Егер тыңдаушыны зеріктірсе, ол сізден мәңгіге бас тартуы мүмкін, –  дейді Голованова. –  Маңызды мәселе – сенімді нығайту. Мұны қалай істеуге болады: мейірімділік, сыпайылық, шын қызығушылық. Сізге тікелей эфирде келген адамды жақсы көріңіз".

Лайфхактар:  

  • Сұхбат берушіні тыңдаңыз, сөзін бөлмеуге тырысыңыз;
  • Сұхбаттың мақсатын анықтаңыз;
  • Эфирдің қожайыны болыңыз – эфир бақылаусыз қалмасын және ешқандай жағдайда бастаманы спикерлерге бермеңіз;
  • Қарабайыр сұрақтарды ұмытыңыз;
  • Пікір білдірсін, бірақ тақырыптан алшақтамасын;
  • Ice breaking (спикерді ашыңыз) – сұхбатқа дейін спикер туралы, оның жұмысы жайлы бірнеше сұрақ қою ешқашан артық болмайды;
  • Орынды күлкі – журналистің ең жақсы қаруы.

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.  

Жаңалықтар
0