Инфографика

Пандемия басталғаннан бергі алғашқы кездесу: Минсктегі ЕАЭО премьерлерінің отырысы

Жазылу
Еуразиялық үкіметаралық кеңес 17 шілдеде Минскте жиналады. Көзбе-көз форматтағы саммит COVID-19 пандемиясы басталғалы алғаш рет өткелі отыр

Отырысқа Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Молдова (ЕАЭО-да бақылаушы мәртебесіне ие) премьер-министрлері қатысады деп күтілуде.

Үкімет басшылары сауда, ішкі нарықтың қызметі, бәсекелестік және өнеркәсіп мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, күн тәртібінде ЕАЭО елдерінде коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралар жоспары бар.

Бұдан бөлек, премьерлер мемлекеттердің Жерді қашықтан зондтау негізінде ғарыш және геоақпараттық қызметтер ұсыну саласындағы ынтымақтастығы бойынша мемлекетаралық бағдарлама жобасын қарастырады.

Тағы оқыңыз: Пандемия ЕАЭО-ның дамуына кедергі келтіруі мүмкін – саясаттанушы

Сондай-ақ, саммитте ЕАЭО агроиндустриясын дамыту және Одақтың индустриализациясы талқыланады.

ЕЭК баспасөз қызметінің ақпаратынша, Одақ елдері премьерлерінің отырысынан бөлек, Беларусьте, республика басшылығымен жұмыс кездесулері өтеді.

Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылы құрылды. Бүгінде оған бес ел мүше: Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан.

Бақылаушы ретінде одақта Молдова бар. Бұдан бөлек, таяу арада ЕАЭО-дағы бақылаушы мәртебесін Өзбекстан алуы тиіс.

2019 жылдағы жағдай бойынша ЕАЭО әлемде калий тыңайтқыштарының өндірісі бойынша бірінші орын, ал мұнай мен газ өндіру бойынша екінші орын алады.

Жаңалықтар
0