Қоғам

Назарбаев металлургия саласының ел экономикасындағы рөлін атады

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуМеталлург, архивное фото
Металлург, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда металлургтер күні шілденің үшінші жексенбісінде тойланады. Биыл бұл кәсіби мереке 19 шілдеге түсіп отыр

АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев металлургия саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – металлург күнімен құттықтаймын! Осы атаулы күні бізге, металлургтерге – ерлік пен зор қайрат-жігерді талап ететін мамандық иелеріне, өздерінің  абыройлы да ауыр жұмысына берілген еңбексүйгіш жандарға сый-құрмет көрсетеміз",– делінген Elbasy.kz сайты жариялаған Назарбаевтың құттықтауында.

Сондай-ақ, Елбасы өзінің металлургтердің арасында шыңдалып, тәжірибе жинақтағанын айтып өтті.

"Менің өзім де домна пеші басындағы еңбекте шыңдалып, тәжірибе жинақтадым. Жұмылған жұдырықтай ұйымшылдықтың, өзара көмек пен нағыз достықтың шын бағасын білдім", – деді Елбасы.

Металлургия – қазақстандық өнеркәсіптің жетекші саласының бірі, онда мыңдаған жоғары білікті мамандар мен басқарушылар еңбек етеді. Олардың қажырлы еңбегі мен асқан шеберлігі еліміздің экономикалық әл-ауқатының берік негізінің бірі болып отыр.

"Сіздер алдағы уақытта да Қазақстанның игілігі жолындағы өз жұмыстарыңыздың барысында кәсіби жаңа биіктерді бағындыра бересіздер деп сенемін. Баршаңызға мықты денсаулық, табыс, бақ-береке тілеймін!", – делінген хатта.

Оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев екі жобаға қыруар қаржы бөлуді тапсырды

Айта кетейік, Қазақстанда металлургтер күні шілденің үшінші жексенбісінде тойланады. Биыл бұл кәсіби мереке 19 шілдеге түсіп отыр.

Жаңалықтар
0