Қоғам

42 500 теңгеден үміттілерге SMS жолданды: ақша қашан түседі

© Sputnik / Абзал Калиев Портмоне с деньгами
 Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік төлемге өтініш қабылдау 17 шілдеде басталады, еңбек министрлігі өтініш беруге арналған порталдардың тізімін ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді проактивті түрде тағайындау үшін 700 мың қазақстандыққа SMS-хабарлама жолданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Төтенше жағдай кезінде төлем алған, қызметінің қайта шектелу мүмкіндігі жоғары 700 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы  – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді проактивті тағайындау туралы SMS хабарлама түсті", - делінген хабарламада.

Бұған дейін министр Біржан Нұрымбетов кірісінен айырылған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы тағайындау 20 шілдеден басталатын мәлімдеген болатын.  

Проактивті төлем

Президенттің тапсырмасымен карантинге байланысты табысынан айырылған қазақстандықтарға шілде айына 42 500 теңге төленеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде төлем алған азаматтарға жәрдемақыны проактивті тағайындау үшін SMS-хабарлама жіберілетінін мәлімдеген еді. Айтуынша, қатаң карантин уақытында да олардың қызметі шектелуі әбден мүмкін.

Тағы оқыңыз: 42 500 теңге: өтінім сайт арқылы неге қабылданбай жатыр

"Біз төлемдерді проактивті форматта тағайындауды қарастырамыз. Қызметі шектелген азаматтардан SMS арқылы табысын жоғалту фактісін растауды сұраймыз. Оң жауап пен проактивті түрде тағайындауға келісім болған жағдайда, төлемдер өтінішсіз тағайындалады. Сондықтан оларға порталға кіріп, өтініш берудің қажеті жоқ, олар өз мәртебесін одан әрі қадағалай алады", – деді министр.

Төлемге өтініш қабылдау 17 шілдеде басталады. Порталдар мен telegram боттар жұма күні іске қосылады. Ал кірісінен айырылған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы тағайындау 20 шілдеден басталады.  

Өтініш беруге арналған порталдар:

  • egov.kz – "электронды үкімет" веб-порталы;
  • 42500.enbek.kz порталы;
  • "Электронды үкімет" telegram-боты;
  • Aitu мессенджерінде 42500.enbek.kz қосымшасы;
  • екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.
Жаңалықтар
0