Экономика

Қазақстан ЕАЭО-да тауарларды еркін алып өту мәселесін шешуге шақырды  

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуАрхивное фото фуры на трассе
Архивное фото фуры на трассе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан үкіметінің басшысы ЕАЭО-да тауарларды  еркін алып өту және тараптардың экономикалық мүдделерін сақтау мәселесін көтерді

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде - Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды еркін алып өту мәселесін шешуге шақырды.

Қазақстан тарапының бастамасымен осы саладағы келіспеушіліктерді шешу үшін арнайы комиссия құрылды, деп  атап өтті ол.

"Біз комитет жұмысының нәтижесі тауарларды еркін алып өту және тараптардың экономикалық мүдделерін сақтауды қамтамасыз ететін кешенді шешімдер болады деп үміттенеміз", - деп мәлімдеді Мамин Минскіде ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында.

ЕАЭО жұмыс істей бастаған сәттен бастап елдер интеграцияланған ақпараттық жүйені пайдалану туралы келісімге келді.

Оны жүзеге асыру үшін 88 жалпы процесс әзірленді, бірақ 19-ы ғана пайдалануға енгізілді,  деп жалғастырды Мамин.

"Комиссияға олардың орындалуын тездету үшін әрбір жалпы процесті қарастыруды және қажет болған жағдайда тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұсынамын", - деді Қазақстан премьер-министрі.

Пандемия кезіндегі экономикалық дағдарыс ЕАЭО елдері үшін сын-қатер ғана емес, мүмкіндік те болып отыр, деп атап өтті ол.

"Біз ұзақ мерзімді мақсаттарымыз бен міндеттерімізді ұмытпауымыз керек. ЕАЭО аясындағы бірлескен жұмысымыз дағдарыстың салдарын жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар ұзақ мерзімді өсімнің іргелі факторын қалыптастыруға жағдай жасайды", - деді Мамин.

Оқи отырыңыз: Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Ереванда өтеді 

17 шілде, жұмада Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр, оған Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин қатысуда.

Еуразиялық экономикалық одаққа Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей кіреді. Молдова ЕАЭО жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.  

Жаңалықтар
0