Экономика

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Ереванда өтеді

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаОтырыс
Отырыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Армения премьер-министрі Никол Пашинян ЕАЭО елдерінің үкімет басшыларын қазан айында Ереванда күтеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы қазан айында Ереванда өтеді. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді.

"Армения Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысын Ереванда қабылдауға дайын екенін білдірген еді. Осыған қатысты шешім қабылдағанымызға қуаныштымын. Олай болса, барлығыңызды қазан айында Ереванда күтемін", - деді Пашинян Минскте кеңейтілген құрамда өтіп жатқан ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысында.

Сондай-ақ, Пашинян Әзербайжанмен шекарадағы қақтығыс мәселесін қозғады. Ол қақтығысты тек бейбіт жолмен шешуге болатынын мәлімдеді.

"Қақтығысты күшпен шешуге болмайды. Біздің өңір халқының мүддесі үшін бейбіт келісімдерден артық жол жоқ", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Қазақстанмен тауар айналымды бір миллиард долларға жеткізуге болады – Беларусь премьері

Армения мен Әзербайжан шекарасында қақтығыс 12 шілдеден бері жалғасып жатыр.

Жұма, 17 шілдеде Минскте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы басталды. Оған Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин қатысуда.

Бұл COVID-19 індеті басталғаннан бері көзбе-көз форматта ұйымдастырылған алғашқы кездесу. Тараптар өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық, тауарларды таңбалау, кедергілерді жою және тағы басқа мәселелерді талқылайды.

Сонымен қатар, ЕАЭО елдерінде коронавирустың таралуын болдырмау бойынша денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралар жоспары қаралады.

Жаңалықтар
0