НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Алматыға коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеуге арналған 21,5 тоннадан астам дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар жеткізілді. Рейсті қазақстандық SCAT авиакомпаниясы жүзеге асырды.
Ал дәрі-дәрмектер Ресей Федерациясынан жеткізілді.
"17 шілдеге қараған түні Алматыға 21,5 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар жеткізілді. Сондай-ақ, 18 шілде күні Нұр-Сұлтанға 12 тоннаға жуық дәрі-дәрмек жеткізіледі. Арнайы рейстер Қазақстан үкіметінің тапсырысымен орындалуда",– деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 11 шілдеде аталған авиакомпания Ақтауға 11 медициналық маман мен оттегі генераторларын жеткізген болатын.