Өңірлер

"Бұл - қылмыс": депутат Сағынтаевқа маңызды мәселені жеткізді - видео

© Photo : Пресс-служба мэра и правительства Москвы / Медиабанкке өтуБольница
Больница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутат Ирина Смирнова Алматыдағы жекеменшік емханалар науқастарды қабылдауға дайын екенін, алайда оларға рұқсат берілмей отырғанын хабарлады

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Парламенттің төменгі палатасының депутаты Ирина Смирнова Facebook парақшасында Алматыдағы міндетті медициналық сақтандыру қорының басшылығы жеке емханаларға науқастарды қабылдауға рұқсат бермей отырғанын жазды.

Сонымен қатар депутат жекеменшік емханалар өздерінің мекемесін барлық талапқа сай дайындағанын айтты.

Депутаттың айтуынша, Алматыда науқастарды қабылдап, емдей алатын жекеменшік ауруханалар бар. Олар тегін жұмыс істеуге дайын, алайда міндетті медициналық сақтандыру қоры басшылығы рұқсат бермей отыр.

"Қала әкімі де жұмыс істесін деп отыр, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен министр қолдау білдіріп хабарласып жатыр. Тек міндетті медициналық сақтандыру қоры ғана шартқа қол қоюға асығар емес. Ал ол уақытта адамдар қиналып жатыр", - деп жазды депутат.

Оның айтуынша, ауруханаларда барлық қажетті жабдық бар, медицина қызметкерлерінің саны да жеткілікті. Емхана басшылығы арнайы желдету орнатып, хирургия және реанимация бөлімдерін жабдықтады.

 

Смирнова қала басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жүгінді.

"Алматы міндетті медициналық сақтандыру қоры басшысының лауазымына сәйкестігін қарауды сұраймын. Дәл қазір дайын емхананы жабық ұстау - қылмыс", - деп түйіндеді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін депутат Ирина Смирнова "Халық Арена" базасында іске қосылатын коронавирус жұқтырғандарға арналған провизорлық стационарды ұйымдастыруды сынға алған болатын.

 

Жаңалықтар
0