Өңірлер

Жандарбек Бекшин науқастардың көбеюіне үш жағдай себеп болғанын айтты

© Photo : Серикжан КовланбаевЯмы Алматы
Ямы Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көп жағдайда індетті 20-29 жастағы жастар жұқтырып жатыр, олар әлеуметтік қашықтықты сақтамайды, маска кимейді және топ болып жүреді

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада науқастар санының көбеюінің үш себебін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматыда 8 259 адам инфекция жұқтырды, оның ішінде 5 480 науқаста аурудың симптомы бар. Ауру көп жағдайда 20-29 жастағы азаматтар арасында көп тіркеліп жатыр (19,3%). Науқастардың 13,1%-і – 30-39 жастағылар. Ал алпыс жастан асқан адамдар науқастардың жеті процентін құрайды", - деді Бекшин.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, жастардың инфекция жұқтыруына үш жағдай себеп болады. Ең алдымен, жастар әлеуметтік қашықтықты сақтамайды, маска кимейді және топ болып жүреді, деді ол.

Оқи отырыңыз: Денсаулық министрлігі ауыр жағдайда жатқан науқастар туралы ақпарат таратты 

"Қазір эпидемияға қарсы қатаң карантиндік шаралар күшейтілді. Екінші карантин басталғалы 555 рет режим бұзылғаны анықталды, оның ішінде 457 нысанға айыппұл салынды. Бетперде кию режиміне мән беріп жатырмыз. Бесінші шілдеден бастап 267 адамға айыппұл салынды. Оны бірінші аптада төлесе, айыппұл көлемі 40 мың теңге болады", - деп түсіндірді қаланың бас санитар дәрігері.

Бекшиннің айтуынша, қазір қаладағы инфекциялық ауруханаға жатқызылған науқастардың 60%-і қала маңындағы аудандар мен басқа өңірлердің тұрғындары екен.

Жаңалықтар
0