Қоғам

Министр карантин кезінде кімдер қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екенін айтты

© Sputnik / Табылды КадырбековБумажная деловая папка, архивное фото
Бумажная деловая папка, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрдің айтуынша, той өткізетін адамдар әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша жауапқа тартылады

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Әділет министрі Марат Бекетаев карантин кезінде той жасаймын дейтіндерге ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, той өткізетін адамдар әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы ("халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саладағы заңнама талапбын бұзу") бойынша жауапқа тартылады. 

"Бірінші рет болса, шамамен, 83 000 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ондай шара адамдардың ауруға жаппай шалдығуына себеп болса, айыппұлдың көлемі әлдеқайда көп болады", - деді Бекетаев бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, қонақтар инфекцияны жаппай жұқтырғаннан кейін науқастардың біреуі қайтыс болса, тойдың иесі қылмыстық жазаға да тартылуы мүмкін.

Айта кетейік, қазіргі карантин кезінде кодекстің 462-бабы да қолданылады. Оған сәйкес, жеке тұлғаларға – 3-7 АЕК (1 АЕК - 2 778 теңге) , лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 10-200 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20-300 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50-400 АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

Жаңалықтар
0