Қоғам

Нұрлан Бәтпенов өмірден озды

© Sputnik / Абзал КалиевСвеча
Свеча - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәжірибелі дәрігер бар өмірін медицина саласына арнаған. Әріптестері мен пациенттері біліктілігі жоғары болғанын айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде — Sputnik. Тәжірибелі дәрігер, травмотология ғылыми-зерттеу институтының директоры Нұрлан Бәтпенов 71 жасында қайтыс болды, деп хабарлады медициналық мекеме. 

"15 шілде күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҰҒА академигі, травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстанның травмотологтар мен ортопедтер қауымдастығының президенті, профессор Нұрлан Бәтпенов қайтыс болды", - деп жазылған мекеменің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Институт травматологии (@niitokz)

Дәрігердің қайтыс болуының себебі айтылған жоқ. Алайда әріптестері Sputnik Қазақстанға бұған дейін Бәтпенов пневмониядан ем қабылдағанын айтты.

Жаңалықтар
0