Экономика

Минск ЕАЭО елдерінің премьерлерін қабылдауға дайындалып жатыр

© Sputnik / Медиабанкке өтуГорода мира. Минск
Города мира. Минск - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Беларусь елінің премьер-министрі Минск ЕАЭО елдері үкімет басшыларын қабылдауға дайындалып жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде — Sputnik. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы Минск қаласында 17 шілде күні өтеді. 

Қатысушылар сауда, бәсекелестік, өнеркәсіп сынды салалардағы интеграция мәселесін талқылайды.

"Саммитте тауарларды таңбалау жөніндегі келісімді жүзеге асыру мәселесі қаралады. Одақта таңбалау жүйесін дамыту жайы сөз болады", - деп жазылған Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында. 

Сондай-ақ, жиында денсаулық сақтау, атап айтқанда, коронавируспен күресу шараларының жоспары талқыланады.

ЕАЭО агроиндустриясын дамыту картасы мен Одақты индустрияландыру картасы қарастырылады.

Жаңалықтар
0