НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстан үкіметі Тәжікстанға жасанды тыныс алдыртудың портативті аппараттарын жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Шынымен де Қазақстан үкіметі жыл соңына қарай Тәжікстанға жасанды тыныс алдыртудың портативті аппараттары түрінде гуманитарлық көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр", – деді Бюрабекова онлайн брифингте.
Ол портативті аппарат пациентті жедел жәрдем көлігімен тасымалдау кезінде пайдаланылатынын атап өтті. Медициналық құрылғыны Ақмола облысында орналасқан кәсіпорын шығарады.
"Қазіргі таңда аталған кәсіпорын өндірістік қуатын арттырды. Олар портативті аппараттардан бөлек, түрік компаниясымен бірлесіп, елге қажет стационарлық жасанды тыныс алдырту аппараттарын да шығаруды жоспарлап отыр. Өндіріс таяу арада жолға қойылады", – деді вице министр.
Оқи отырыңыз: Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған - министрлік түсініктеме берді
Айтуынша, жыл соңына дейін жасанды тыныс алдырту аппараттарына қажеттілік толығымен қанағаттандырылады.